Құдайберген БЕЙСЕМБАЕВ: "БАСПАНАЛЫ БОЛУҒА БАСТАЙТЫН ЖОЛ"

“Қолжетiмдi тұрғын үй – 2020” мемлекеттiк бағдарламасы халықтың барынша көп бөлiгiн тиiмдi шарттар арқылы баспанамен қамтуға бағытталған. Бағдарламаның бiрнеше бағыты бар. “Бәйтерек” ұлттық басқарушы холдингi” АҚ-ның еншiлес ұйымы – “Қазақстан Ипотекалық Компаниясы” ИҰ” АҚ (ҚИК) сатып алу құқымен жалға беру бағытына жауапты оператор. Осы бағыт бүгiнде қалай iске асып жатқаны жөнiнде “Қазақстан Ипотекалық Компаниясы” ИҰ” АҚ-ның Басқарма Төрағасының орынбасары Құдайберген Бейсембаевтан сұрап бiлген едiк.

– ҚИК 2005-07 жылдары ҚР-ның тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасына қа­тысқаны белгiлi. Оның нә­тижесi қандай? 

– Бiздiң компания ҚР пре­зидентiнiң жарлығымен бекiтiл­ген 2005-07 жылдары iске асқан тұрғын үй құрылысы мемлекеттiк бағдарламасының қаржылық операторы болды. Бұл бағдарлама елiмiздiң барлық аймағын қамтыды. Сол екi жылдың iшiнде жергiлiктi атқарушы органдардың мақұлдауынан өткен азаматтарға қаржы бөлдiк. Осы бағдарлама бойынша салынған тұрғын үйлер пайдалануға берiл­дi, ал бiз бұл қарызға қызмет көрсетудi жалғастырып жатырмыз. 2005-07 жылдарға арнал­ған мемлекеттiк бағдарламаның жоспары бойынша 15,8 миллион шаршы метр пайдалануға берiлуi тиiс едi, бiрақ iс жүзiнде пайдалануға берiлген тұрғын үйдiң аумағы 17,9 миллион шаршы метр­ге жеттi, яғни, жоспарды 13 па­йызға асыра орындадық. Сол кезде осы бағдарлама аясында 19 мың отбасы баспаналы болды.
– Қазiр ҚИК – “Қолжетiмдi тұрғын үй – 2020” мемле­кеттiк бағдарламасының сатып алу құқымен жалға беру бағытын iске асырушы оператор. ҚИК өз жұмысын бастағалы берi қанша тұрғын үй салынып, жалға берiлдi?
– Қазiргi кезде осы бағыт бойынша Алматы қаласындағы тұрғын үй құрылысы аяқталды. Бұл жайлылығы 4-санатқа жататын тоғыз қабатты екi тұрғын үй. Тұрғын үй жайлылығының 1-ден 4-ке дейiнгi санаттары бар, айт­пағым, бұл ретте құрылыс сапасы талаптар мен нормаларға сай, баспананың тек техникалық сипаттары: жалпы шаршы ау­мағы, төбесiнiң биiктiгi ғана өзгередi. Жалға берiлетiн баспананың аумағы 35-тен 75 шаршы метрге дейiн жетедi. Пайдалануға берiлетiн жалпы пәтер саны – 108, оның iшiнде бiр бөлмелi пәтер саны – 54 болса, екi бөлмелi пәтер саны – 27, сондай-ақ үш бөлмелi пәтер саны да – 27, бұлардың жалпы аумағы 6 023 шаршы метрдi құрамақ. Бұдан бөлек Павлодар, Шымкент, Астана, Қарағанды мен Ақтөбе қалаларында тұрғын үй құрылыстары жүрiп жатыр, олар келесi жылы пайдалануға берi­ле­дi деп күтiлуде. Басқа өңiр­лерде де осы бағыттағы жұмыс­тар жүргiзiлiп жатыр, жергiлiктi атқарушы органдар жер телiм­дерiн бөлiп, оны инженерлiк жә­не коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз еткен соң, құрылыс жұмыстары басталады.
– Бағдарламаның сатып алу құқымен жалға беру бағытына кiмдер қатыса алады?
– “Қолжетiмдi тұрғын үй – 2020” бағдарламасы ең алдымен халықтың әлеуметтiк категорияларына арналған. Бiздiң компанияның бағыты бойынша I және II топтар белгiленген. Бiрiншi топ­қа тұрғын үй қатынастары жөнiн­дегi заңға сәйкес халықтың әлеуметтiк жағынан әлсiз топтары кiредi. Екiншi топқа мемле­кеттiк ведомстволар және жекеменшiктiң кез келген түрiне жататын мемлекеттiк емес ұйымдардың қызметкерлерi кiредi. Бағдарламаға сәйкес тұрғын үйдiң 70 пайызы I топтағыларға берiлсе, қалған 30 пайызы II топтағыларға тиедi. Бағдарламаға қатысушы азаматтарды жергi­лiк­тi атқарушы органдар – әкiм­дiктер iрiктейдi. Бағдарламаға қатысушылардың тiзiмi бекiтiл­геннен кейiн олардың құжаттары бiздiң компанияға жiберiледi. Бiз болашақ жалға алушының төлем қабiлетiн бағалаймыз.
ҚИК мақсаттарының бiрi – тұрғын үйдi жалға алу мен ипотекалық несиелендiру нарығын дамытып жетiлдiру екенi айтылған. Ипотекалық несиелендiру нарығындағы қазiргi ахуал қандай? Оның қандай үрдiстерi бар?
– Бiздiң компанияның қызме­тiне тоқталар болсақ, ипотекалық несиелендiрудi 2001 жылдан бастап iске асырып ке­лемiз. Компания өз қызметiн бастағалы берi 60 мың отбасы ипотекалық несиелендiруге жүгiнiп, өзде­рiнiң тұрғын үй жағдайын жақсартты. Мiне, 14 жыл iшiнде бiздiң компания нарықтағы 10-11 пайыздық үлесi бар тұрақты     ойыншыға айналды, осылайша ипотекалық несиелендiру нарығының дамуы мен жетiлуiне септiгiн тигiзiп жүр.
Жалпы ипотекалық нарықты бағалайтын болсақ, бiздiң сарапшылар қандай да бiр ауыт­қулар мен көрсеткiштердiң өзге­руiн үнемi бақылап отырады. Мәселен, 2014 жылдың алғашқы 8 айының iшiнде ипотекалық нарықтың көлемi 8,2 пайызға артты, ал Қазақстандағы ипотекалық несиелендiрудiң жалпы нарығы 934,59 миллиард теңгеге бағаланады. Алайда ипотекалық несиелендiру нарығындағы өсiм­дi айғақтайтын статистикалық көрсеткiштерге қарамастан, қазiргi көрсеткiштер дағдарыс­қа дейiнгi көрсеткiштен анағұрлым артта. Дағдарысқа дейiнгi кезеңде жылдық өсiм 72 пайызға жететiн. Жоғарыдағы көрсеткiш­тердi аймақтарға шағып қарасақ, ипотекалық несиенiң ең көп көлемi Алматы қаласына тиесiлi, мұнда бүкiл ипоткалық несиенiң 32,8 пайызы шоғырланған.
– “Қолжетiмдi тұрғын үй – 2020” бағдарламасы қазiргi кезде iске асырылудың қай кезеңiнде? Бағдарлама алдағы екi жылда қалайша iске асырылады?
– Бiздiң мақсатымыз – бұл бағдарламаны халыққа барынша қолжетiмдi ету. “Қолжетiмдi тұрғын үй – 2020” бағдарламасы аясында аумағы 120 гектардан асатын жер телiмдерi бөлiндi, қазiргi кезде Астана, Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Петропавл қалаларында жалға берiле­тiн тұрғын үйлердiң құрылысы қызу жүрiп жатыр. Сондай-ақ, жақын уақытта Ақтөбе, Семей, Қостанай, Тараз, Көкшетау, Орал қалаларында тұрғын үй құрылысы басталады.
Бағдарламаның “ҚИК” ИҰ” АҚ тұрғын үй ” бағытын iске асыру нәтижесiнде 2013 жылдан 2020 жылға дейiн аумағы 3 миллион шаршы метрден асатын жалға берiлетiн тұрғын үй пайдалануға өткiзiледi.
– Мемлекеттiк бағдарламадан бөлек ҚИК өзiнiң бағдарламасын да iске асырады. Оның шарттары қандай? Оған кiмдер қатыса алады? Оның “Қолжетiмдi тұрғын үй – 2020” бағдарламасынан      айырмашылығы бар ма?
– Иә, ҚИК-тiң жеке бағдарламасы халықтың басымдық берiлмеген топтарын қамтиды. Бiздiң бағдарламада да дәл сондай “сатып алу құқымен жал­ға алу” механизмi қарастырыл­ған. Бұл – ипотекалық несиед­е­гiдей 15-30 пайыздық бастапқы жарнасы жоқ халық үшiн ыңғайлы тетiк. Сонымен қатар өз бағдарламамыздың басқадай да икемдi шарттары бар. Мәселен, бұл бағдарламаға қатысуға ниет бiлдiрген азаматтың жалға алынатын тұрғын үйге қаржысы жетпесе, ол қосымша борышкердi тартып, қажеттi соманы төлей алады. Егер жалға алушының аяқ астынан қаржылық жағдайы өзгерiп, жұмыс бабымен басқа қалаға көшуге мәжбүр болса, ол пәтер аумағын үлкенiрек немесе кiшiрек баспанаға ауыстыру жөнiнде өтiнiш бере алады. Әр мәселе бөлек қарастырылады, бiз борышкерлер мен жалға алушылардың жағдайын түсiнiп, қол ұшын беруге тырысамыз.
Айта кететiнi, жеке бағдарламамызға қатысқысы келетiн­дер­ге қойылатын шектеу жоқ, оған кез келген адам қатыса алады.
Компанияның мемлекеттiк жә­не жеке бағдарламалары жө­нiн­дегi бүкiл ақпарат www.kmc.­kz ресми сайтында орналасқан, онда болашақ қатысушыға қойылатын барлық талап, бағдарлама шарттары бар. Сондай-ақ, сайттағы жалға алу калькуляторының көмегiмен бағдарламаға қатысуға ниет бiлдiргендер баспананы сатып алу құқымен жалға алған жағдайда ай сайын төлей­тiн сомасын есептей алады. Бұдан бөлек, барлық әлеуметтiк желiлерде арнайы парақшамыз бар, осылайша компанияның өкiлiне өзiңiздi толғандырған сұрақты онлайн жүйеде қоя аласыз.
 
                  Ольга Ким    
 
 

Сұқбатпен бөлісіңіз:

Submit to FacebookSubmit to Google PlusSubmit to TwitterSubmit to LinkedIn
Соңғы рет өзгертілді: 06/05/2015

Share this article

Пікір жазу

Жұлдызша (*) қойылған жерді міндетті түрде толтыру керек.

Біз туралы

Suqbat.kz сайты, қазақ тілінде түрлі тақырыптағы сұқбаттар жиынтығын ұсынады.

Бас редактор: Алтынбек Құмырзақұлы

Шеф-редактор: Ержан Жаубай

E-mail: suqbat.kz@mail.ru

 

Сайт материалдарымызды пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Соңғы сұқбаттар

Жазылу

Соңғы жаңалықты біліп отырғыңыз келсе, бізге жазылыңыз!