Ахметбек НҰРСИЛА: "ЖАТЫП ІШЕР ЖАЛҚАУЛАР МЕН ЖЫЛАУЫҚТАР ОЙБАЙ! ОЙБАЙ! ОЙБАЙ! ДЕП АТТАНДАЙДЫ"

Кәсіпкер, «Сапалы қазақ» жобасының авторы,   «Facebook» әлеуметтік желісінің белсенді қонағы, интернет сұранысындағы қолданушылары көп тәжірибелі оқытушы кәсіпкерлердің бірі Ахметбек Нұрсиламен «Сұқбат.кз» тілшісі сұхбаттасқан болатын. 

 

 - Соңғы жылдары кәсіпкерлік бизнес жобаларыңызбен көпшілік оқырманға ой бөлісіп, ұлт руханиятына жанашыр болып келесіз? Жалпы қазақ түсінігіндегі кәсіпкерлік дегеніміз не? Ата-бабамыздың негізгі ата кәсібі – мал шаруашылығы еді ғой?

Бұл сұраққа Абай атамыздың сөзімен жауап берсем: Егерде мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі - қазақтың әулиесі сол. Бірақ құдай тағала қолына аз-маз өнер берген қазақтардың кеселдері болады. Әуелі — бұл ісімді ол ісімнен асырайын деп, артық ісмерлер іздеп жүріп, көріп, біраз істес болып, өнер арттырайын деп, түзден өнер іздемейді. Осы қолындағы аз-мұзына мақтанып, осы да болады деп, баяғы қазақтың талапсыздығына тартып, жатып алады. Сол қолөнер бұл күнде өндіріс, қызмет түрлері және сауда. Абай қазақ қоғамын ерінбей еңбек етуге шақырды. Өзінің кейбір замандастарының бойындағы жаманшылық мінездерді — жалқаулықты, еңбексіздікті, көрсеқызарлықты, алтыбақан алауыздықты, надандықты жеріне жеткізе әшкереледі. Кедейшіліктен құтылудың бір тәсілі егіншілікпен айналысу, қолөнер кәсібін және сауда-саттық жасауды үйрену екенін айтты. Ол былай деп жазды: «Егіннің ебін, сауданың тегін үйреніп, ойлап, мал ізде». Оның басқаша ойлауы мүмкін де емес еді. Қазақ даласында жиі болып тұратын жұт қарапайым халықты ауыр қайғы-қасіретке душар ететін. Ондай кезде жылдар бойы жинаған малдан бір-ақ күнде айырылып, жұтап қалуға болатын еді. Абай 1880 жылғы алапат ауыр жұтты өз көзімен көрді. Сол жылы оның сан мыңдаған жерлестері қайыршылық халге душар болған еді. Семей облысында кедей жатақтардың саны бұрын-соңды болып көрмеген жоғары көрсеткішке жетті. Олар казак станицалары мен орыс шаруаларының деревняларына жаппай ағылып, болар-болмас тиын-тебенге жалданды, үй қызметшілері, қолбала, бақташылар болды. Қайыр сұрап, ел кезіп кеткендер де көп еді. Абай қазақтарды мал өсірумен қоса сауда жасауды, белгілі бір кәсіп түрімен шұғылдануды үйрену қажеттігіне баса назар аударды. Орта Азия тұрғындарының кәсіп түрлеріне үлкен ілтипатпен қызыға қарады. Ол былай деп жазды: «Енді қарап тұрсам, сарттың екпеген егіні жоқ, саудагердің жүрмеген жері жоқ, қылмаған шеберлігі жоқ. Өзіменен өзі әуре болып, біріменен бірі ешбір шаһари (яғни қала адамдары болып. — авт.) жауласпайды.Орысқа қарамай тұрганда қазақтың өлісінің ахыреттігін (кебінін. авт.), тірісінің киімін сол жеткізіп тұрды». Сол кездегі Қазақстан қазіргі қазақтың айырмасы аздау ау деп қорқамын.

-  2013 жылы «Сапалы қазақ» деген мастер класс өткіздіңіз? Жастар осы жобаны қалай қабылдады. Неліктен «Сапалы қазақ» тренингі әрі қарай жалғасын таппады? Осы жоба арқылы жеткен жетістігіңіз бар шығар? «Сапалы қазақтың» негізгі идеясы неде жатыр. Біздіңше ұлттық баюдың философиялық мәні жатқан сынайлы? Өзіңіз не дейсіз?

-  Өмір болған соң түрлі жағдайлар болып тұрады ғой. Менің жеке басымның жағдайлары және денсаулығыма байланысты (аяғымды 3 жерден сындырып алып төсек тартып жатып қалдым) біраз қоя тұруға тура келді. Бірақ жалғастырамын деп «Фейсбукте» уәде берген едім. Сапалы қазақтың негізгі идеясы - Алаш көсемі Ахмет Байтұрсыновтың айтқан өсиетін іс жүзінде орындау.

-  «Қазақ бай болу керек! Біз кейін қалған халық, алға басып, жұрт қатарына кіру керек. Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек»,-деп Ахмет Байтұрсынов сөзін сұхбаттарыңызда жиі ұшыратамыз. Бүгінгі кәсіпкер боламын дегендерге де білімді һәм күшті болу керек па?

-  Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады. Осыны енді кәсіп саласына бейімдесек «білекпен істеген бірдің табысын, біліммен істеген мыңның табысын табады» болады. Күшті деп Ахаң бірлікті айтып отыр ғой, алты бақан алты ауыз болмайық дегенді меңзейді.

-  Жоғары да сұрағымда айтып кеткендей, ата-бабамыздың байырғыдан келе жатқан кәсібі-мал шаруашылығы. Сол арқылы жат жұрттардан қалмай, ел қатарлы өмір сүрді. Баласы оқыды, білім алды, шетел асты дегендей... Жалпы қазақ ұлттының өз трендіне айналған кәсібі бүгін не деп ойлайсыз?

-  Заман басқа заң басқа. Елу жылда емес, бес жылда ел жаңа болып жатыр ғой қазір. Барлығы стратегиялық жоспардан шығады. Әлемге аты шыққан қолбасшылардың көбі қолына қылыш пен мылтық ұстамаса да тарихта қалды. Өйткен мықты стратег болған. Біздің еліміз дұрыс жолда даму үшін стратегиялық жоспары мықты болу керек деп ойлаймын. «СВОТ анализ», «Кластерная анализ» деген түсініктер бар. Бәсеке түскен әр адам өзінің мықты жағын пайдаланып, осал жағын жетілдіруге тырысады ғой, содан соң сыртқы мүмкінділіктерді пайдаланып, сыртқы қауіп қатерден сақтана алуы керек. Сол сияқты мемлекет те өзінің мықты жағын пайдалана алуы керек. Біздің мықты жағымыз кең байтақ даламыз, экологиялық таза өнім өндіре алуымызда. Бірақ өкінішке қарай Бразилия мен Аргентинадан келген ет бізге жеткенде біздің еттен бағасы арзан түседі. Біз бар жағынан кейін қалып қойдық әлемдік бәсекелестен.

-  Үкімет кәсіпкерлікті дамытуда түрлі бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асырып келеді. Бірақ осы мемлекеттік бағдарламаларды алудың өзі бір қиындық. Жастарға «Старт-ап» жобаларын да енгізді. Оны да алып жатқан жастарды көрмейміз. Неліктен жастар үкіметтік бағдарламаларға қатыспайды. Сұрасаңыз... Жұмысы көп, тамыр-таныстық деп жауап қайырады? Сіз қалай ойлайсыз?

 -  Жастарда бизнес жасау үшін білім жоқ, тетігін білмейді. Біреудің қарны ашса оған балық берме, ол оны жеп алады да, бір күн тойып жүреді. Оған қармақ беріп, балық аулауды үйрет деген қағида бар қай халықта болмасын. Сондықтан жастарға кредит емес, бағдарлама емес алдымен кәсіптің қыр сырын үйрету керек.

-  Өзіңіз бала кезден кәсіпкерлікті бойыңызға сіңіріп өстіңіз бе? Осыдан жиырма жыл бұрыңғы Нұрсиланың кәсібі не еді? Бүгін сол аралықта кәсіпкер болу үшін қандай қиындықтар мен ауыртпалықтарды бастан өткердіңіз?

-  Марқұм әкем осы кезде дүниеге келсе керемет мықты кәсіпкер болар еді. Сол кісіден қанмен жұққан азын аулақ кәсіпкерлік қасиет болған болуы керек. Осыдан жиырма жыл бұрын өндірістен бастаған едім. Барлық кәсіпкерлер секілді қиындықтар мен ауыртпалығы жетіп артылады. Бірақ еш өкінбеймін осы жолды таңдағаныма.

-  Қазақ жастары көбінде кәсіпкер болу үшін экономис немесе менеджмент, бухгалтер маманы болу керек деп ойлайды. Кәсіпкер деген қандай адам. Оны кез-келген адам алып кете алама? Кәсіпкер болу үшін маңыздысы не?

-  Бизнес деген не? Кез келген адам бизнесмен бола алады ма? Жалпы бизнес деген не? Бизнесмен деген кім? Кәсіп деген сөздің этимологиясы қандай?Ағылшынша бәріміз білетініміз busy - занятый, жұмысбасты, іскер business – дело, іс Бизнесмен – занятой человек -Жұмысбасты адам, іскер адам, Ескі ағылшын тілінде бизигнес - bisig «Тынымсыз, арпалысқан, шаршаған, қобалжыған, абыржыған, тырмысқан, тегеурінді, табанды, қажырлы» дегенді білдіреді. Егер ниеті мен талабы және қажырлылығы болса кез-келген адам бизнесмен бола алады!

-  Өзіңіз жүзеге асырсам ба деген, осы кәсіпті ашсам ба деген жақсы ойларыңыз бар ма? Оны орындау үшін не жетіспей жатыр?

-  Білім жетіспейді, уақыт жетіспейді. Ойларым көп, Алла тағала өмір берсе соларды ойға асырсам деген арман бар. Соның бірі Сапалы қазақ еді, шүкір ақырын бастап кеттім.

- Соңғы кезде елді дүбара қылған Еуразиялық одақтың кәсіпкерлікке әкелетін пайдасы бар ма? әлде шегер зиянымыз көппе? Алдағы Президент сайлауынан кейін теңге құнсыздануы болуы мүмкін дейді экономист сарапшылар. Кәсіпкер ретінде сіз бұған не дейсіз?

 -  Әрине өте мөте қиын болады. Ресейдің потенциалы мен біздің потенциал дәл қазір салыстыруға келмейді, біз көп артта жатырмыз. Бірақ сөйтіп жылап отыра беруге де болмас. Крупная обувная компания отправила в командировку в Африку продавца. Через неделю он в телеграмме начальству написал следующие слова: «Забирайте меня отсюда.Нет никаких перспектив. Здесь все ходят босиком!» Через некоторое время компания решила предпринять еще одну попытку.Послали второго продавца. «Это большая удача! — с восторгом написал второй, — Высылайте все, что есть, рынок практически не ограничен! Здесь все ходят босиком!» Мораль: вещи сами по себе не бывают плохими или хорошими. Их делает такими наше отношение. Евразиялык одакка да осындай екі түрлі көзқарас бар))) Жатып ішер жалқаулар ме жылауықтар Ойбай ойбай ойбай деп аттандайды)) Ал жігерлілер: Бізге нарық ашылды деп қуанады!

-  Ұлттық тауарларымызды жасауды неге жобаға алмаймыз. Мәселен киім-кешек, ішкі сұраныстағы тауарлар, тағамдық өнімдер, жиһаздар дегендей... Жақында Құмар деген ағамыз ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген авторындықтарды жасап шығарды. Ел қызықты, бірақ сұраныс аз... неліктен ұлттық тауарларға қызығушылық бар да, сатып алу аз?

-  Сұраныс жақсы дұрыс жарнама жасау жолын көбі біле бермейді. Құмардың сатылымы өте жақсы! Мен көмектестім жарнамасына басқасына да.

-  Бүгінгі қазақ жастары айналысуға болар-ау деген негізгі кәсіп түрін атасаңыз? Не істеу керек, не үйрену керек? Оларға айтар ағалық лебізіңіз, ақыл кеңесініз?

-  Жатпай тұрмай білім жинау керек. Маркетинг, менеджмент, бизнес жайлы кітаптар, видеосабактар жетіліп артылады. Мен ФБ дағы парақшама осы жайында оқитын кітаптардың тізімін жариаладым, Ғаламтордан өздері де іздеп тауып алуына болады. Кәсіптің түрі мыңдап саналады. Зерттеу керек, өзінің қолынан жақсы келеді дегенін таңдап алып тәуекел деп іске кірісу керек. Айтар ақыл кеңесім: Кафе, ресторан, биллярд жалпы бос уақыт өткізетін нәрселердік бәрінен қашу керек. Әр минутын білім алуға, пайдалы іске жұмсау керек дұрыс, бақуатты өмір сүремін десе. Дәл қазір Қазақстанда керемет жақсы жағдай жасалған кәсіп ашамын дегендерге. Бұл өте ұзақ тұрмайды. Сәтті жіберіп алмау керек.

-  Әңгімеңізге рақмет!

Алтынбек ҚҰМЫРЗАҚҰЛЫ

"Сұқбат"

 

 

 

Сұқбатпен бөлісіңіз:

Submit to FacebookSubmit to Google PlusSubmit to TwitterSubmit to LinkedIn
Соңғы рет өзгертілді: 05/05/2015

Share this article

пікірлер2

Пікір жазу

Жұлдызша (*) қойылған жерді міндетті түрде толтыру керек.

Біз туралы

Suqbat.kz сайты, қазақ тілінде түрлі тақырыптағы сұқбаттар жиынтығын ұсынады.

Бас редактор: Алтынбек Құмырзақұлы

Шеф-редактор: Ержан Жаубай

E-mail: suqbat.kz@mail.ru

 

Сайт материалдарымызды пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Соңғы сұқбаттар

Жазылу

Соңғы жаңалықты біліп отырғыңыз келсе, бізге жазылыңыз!